Пандемия басталғалы бері Қазақстанда 7 мың полиция қызметкері коронавирус жұқтырған. Оның 27-сі аурудан қайтыс болды. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне сілтеме жасап.
"Пандемия басталғалы бері ішкі істер органдарының 7 мың қызметкері коровирустан жұқтырды. Оның 27-сі аурудан көз жұмды: 12 полицей, 5 әскери қызметкер, ішкі істер органдарың 10 әкімшілік қызметкері", - деді министр.
Оның айтуынша, бүгінде полицейлер СOVID-19 вирусынан айыққан.
Сондай-ақ Ерлан Тұрғымбаев ішкі істер органдары қызметкелерінің 93%-ы коронавирусқа қарсы екпе алғанын атап өтті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу