Елімізде қанша шетелдік студенттің оқып жүргені белгілі болды

Қазақстанда 16 шетелдік университеттің филиалы ашылған.

Елімізде қанша шетелдік студенттің оқып жүргені белгілі болды Фото: КазТАГ

Еліміз бұл арқылы Орталық Азияның білім беру хабына айналуды мақсат тұтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Гүлжан Жарасованың сөзінше, жыл сайын 200 шетелдік ғалымның Қазақстанда жұмыс істеуіне мемлекеттен қаржы қаралады. Бұл туралы маман Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтқан. 

− Бүгінде еліміздің жоғары оқу орындарында 31 мыңнан астам шетелдік студент білім алуда. Жыл сайын мемлекет 200 шетелдік ғалымды шақыруға қаражат бөледі. Ғылым және жоғары білім министрлігі әлемнің барлық негізгі өңірінен серіктестер тартып, Қазақстанды Орталық Азияның білім беру хабына айналдыру бойынша елеулі жұмыс жүргізуде, – деді ол. 

Осы уақытта 12 елдің жоғары оқу орындарымен 34 стратегиялық әріптестік орнатылған. Бұл қатарда АҚШ, Ұлыбритания, Италия, Қытай, Ресей, Франция және Оңтүстік Кореяның беделді 16 универсиетінің филиалы бар. 

− Жалпы, шетелдік серіктес универсиеттерді іріктеуде жекелеген салалардағы экономикалық қажеттілік, өңірлердің сұраныстары мен ұсыныстары ескерілді. Мысалы, Ақтөбеде британдық Heriot Watt университетінің филиалы "Электротехника және энергетика"; "Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру" бойынша кадр даярлау үшін құрылды. Тараздағы РХТУ филиалы Химия және химиялық технологиялар саласында маман даярлайды. Бұл тәсіл түлектерге жергілікті кәсіпорындардың сұранысына сай болуға және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік береді, – деп сөзін жалғады Г.Жарасова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу