banner

Елімізде қанша жоғарғы оқу орны бар?

1136

Студенттер саны бір жылдың ішінде 11,4%-ға артты. 

Елімізде қанша жоғарғы оқу орны бар?

Қазақстанда 125 жоғарғы оқу орны бар, деп хабарлады Finprom.kz.

Аталған білім ордаларында 604,3 мың студент тіркелген. Сонымен қатар оларға 38,5 мың оқытушы тәлім беруде. Бір жыл бұрын елімізде 124 ЖОО болатын. Бұл ретте студенттер саны бір жылдың ішінде 11,4%-ға, ал ұстаздар саны 0,5%-ға артты. 

2019 жылы жоғары білім беру саласындағы қызмет көрсету көлемі 7,1%-ға өсіп, өткен жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша 68,8 млрд теңгеге жетті. Оның үштен екі бөлігі Алматы (Қазақстан бойынша 39,8%) мен Нұр-Сұлтанға (Қазақстан бойынша 25,4%) тиесілі. 

Ескерте кететіні Қазақстан шетелде отандық оқу орындарының бөлімшелерін ашу арқылы білім беру қызметін экспорттауды көздеп отыр. 2025 жылға дейінгі ғылым мен білімді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламада әлімдік оқу орындарының рейтінгіне ену ЖОО-лардың тиімділігінің негізгі көрсеткіші екені жазылған. Бұған дейінгі 2016–2019 жылдардағы бағдарламаны жүзеге асыру барысында отандық оқу орындарында шетелдік студенттер саны 4%-ға артқан. Нәтижесінде еліміздің ғылым ордалары алғаш рет Times Higher Education рейтингтік басылымына енді. Ал QS WUR тізіміне енген қазақстандық ЖОО-лар саны 10-ға жетті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу