Елімізде қант қызылшасын жинау науқаны аяқталды

184

Қант қызылшасының орташа өнімділігі гектарынан 535,5 центнерді құрап, шамамен 1,3 млн тонна жиналды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Елімізде қант қызылшасын жинау науқаны аяқталды Фото: canva.com

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте қант қызылшасын жинау нәтижелері қарастырылды.

20 желтоқсандағы жағдай бойынша қазақстандық қант зауыттары өңдеуге 988,6 мың тонна өнім қабылдады: "Ақсу қант" зауыты – 351,7 мың тонна (оның ішінде Жамбыл облысынан – 39,3 мың тонна); Көксу қант зауыты – 252,6 мың тонна; Меркі қант зауыты – 384,3 мың тонна. Қалған өнім өңдеуге дейін фермерлердің қант қызылшасы үйінділерінде сақтаулы.

Жалпы өнімнің жартысы – 640 мың тонна Жамбыл облысында жиналды. Бұл аймақта қант қызылшасын тек Меркі қант зауыты өңдейді. Қолданыстағы қуаттылықтарға сәйкес, Меркі зауыты 450 мың тонна, Жетісу облысындағы Ақсу зауыты 100 мың тонна қабылдайды, ал қалған 90 мың тонна қант қызылшасы Қырғызстанның қант зауыттарына жөнелтіледі.

Мұндай шешім жиналған өнімнің барлығын толық өңдеуді қамтамасыз ету мақсатында қабылданды. Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері арасында қант қызылшасын үздіксіз қабылдау, өңдеу және дайын қантты кері жеткізу бойынша келісімдер бекітілген.

Сонымен қатар, фермерлерге қант қызылшасын қай зауытқа тапсырғанына қарамастан, қолданыстағы тәртіп бойынша әкімдіктер мен қант зауыттары тарапынан субсидиялар төленеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу