Ағымдағы жылдың басынан бері мемлекеттік еңбек инпекторларымен 44 кәсіпорында 348 жұмыскер алдында 200 млн теңге соммасындағы ағымдағы жалақы берешегі анықталды. Аталған кәсіпорын басшыларына орындалуы міндетті 40 ұйғарым беріліп, 4 млн теңге соммасында 20 әкімшілік айыппұл салынды, деп хабарлады еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі.
Қолданылған шаралар нәтижесінде 50 млн теңге соммасында жалақы берешегі төленді. 300-ге жуық жұмыскердің құқықтары қорғалды, оның ішінде республиканың 3 кәсіпорнында қолданылған шаралар нәтижесінде 158 жұмыскердің алдындағы жалпы соммасы 17 млн теңге, "СП Sareco" ЖШС – 118 жұмыскер алдында 14,9 млн теңге (Ақмола облысы), "Жамбылгипс" ЖШС – 23 жұмыскер алдында 1,1 млн теңге, "Жамбылгипсстрой" ЖШС – 12 жұмыскер алдында 1 млн теңге (Жамбыл облысы) болатын жалақы берешегі толығымен төленді.
Қазақстан Республикасы еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен жалақы берешегін анықтау және оны жоюға бағытталған нысаналы шараларды қолдану одан әрі жалғасып жатыр.