Елімізде қаңтар айында 953 жол-көлік оқиғасы орын алды

820

Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апат саны 3,4%-ға азайған.

Елімізде қаңтар айында 953 жол-көлік оқиғасы орын алды

Елімізде биылғы қаңтар айында 80711 жеңіл автомобиль тіркелді. Бұл туралы ҰЭМ статистика комитеті хабарлайды.

2018 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасында 80711 жеңіл автомобиль тіркелді. Бұл өткен жылдың балама кезеңімен салыстырғанда 201,9% артық.

2019 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3796,8 мың бірлікті құрады.

Қаңтарда 1418 адам зардап шеккен 953 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апат саны 3,4%-ға азайған.

2019 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша сақтандыру ұйымдары көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру бойынша 2,1 млрд теңге сомасына 5788 сақтандыру төлем жүзеге асырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу