Елімізде қаңтарда жиналған салық көлемі жоспардан асты

213

2026 жылдың бірінші айында салық артығымен жиналды.    

Елімізде қаңтарда жиналған салық көлемі жоспардан асты Фото: kt.kz

ҚР Қаржы министрлігі республикалық бюджеттің 1 ақпандағы атқарылуы туралы есебін жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Құжатқа сәйкес, 851,3 млрд салық түседі деп жоспарланып, 941,8 млрд теңге жиналған (+10,6%).

Корпоративтік табыс салығы (КТС) қазынаға 436,4 млрд теңге әкелді (жоспардағы 418,7 млрд-қа қарағанда +4,2%), ал қосылған құн салығы (ҚҚС) – небәрі 249,9 млрд теңге болды (болжанған 311,8 млрд-тан -19,8%). Салықтық емес түсімдер 23 млрд теңге деңгейінде қалыптасты.

Ұлттық қордан берілетін трансферттер жоспарланғаннан төмен болып шықты – 400 млрд теңгенің орнына 230 млрд. Нәтижесінде бюджет кірістері 1,34 трлн жоспарланғанда, іс жүзінде 1,27 трлн теңгені құрады (-5,8%).

Бұл ретте бюджет шығыстары да жоспардан 17,1% қалып, 1,33 трлн теңгеге дейін жетті. Осының арқасында бюджет тапшылығы күтілгеннен төмен болды – 260 млрд теңгенің орнына 60,5 млрд теңге.

Мұнайлы емес тапшылық (мұнай кірістерін есептемегенде) 315,2 млрд теңгені құрады (666 млрд теңге күтілген еді). Қарыз түсімдері де 666-дан 313 млрд теңгеге дейін қысқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу