Елімізде қар жауып, жел күшейеді

149

Синоптиктер алдағы үш күнге, яғни 28, 29 және 30 қарашаға арналған Қазақстандағы ауа райы болжамын жасады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Елімізде қар жауып, жел күшейеді Фото: kazaknews.kz

Болжамға сәйкес, алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі. Елдің оңтүстік-батысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, тұман, көктайғақ және қатты жел күтіледі. Айдың соңына қарай жауын-шашын республиканың барлық дерлік аумағын қамтиды, ал оңтүстіктің тау аймақтарында жаңбыр мен қар жаууы мүмкін.

"Температуралық фон айтарлықтай өзгермейді", – деп қосты метеорологтар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу