Елімізде қарақұмық өндірісі 30,2%-ға өсті

602

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.  

Елімізде қарақұмық өндірісі 30,2%-ға өсті Фото: УНИАН

Өткен жылдың 11 айында ірі тартылған қарақұмық ұны мен жармасы өндірісінің көлемі 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30,2%-ға артты. Отандық кәсіпорындар 36 мың тонна өнім шығарған, деп жазады inbusiness.kz.

Ақпаратқа сәйкес, экспорт 10%-ға азайған.

"Өткен жылдың 11 айында экспортқа тек 7,3 мың тонна қарақұмық өнімі жіберілді, ал 2021 жылы 8,1 мың тонна экспортталған. Импорт 2,5 есе өскен. Егер 2021 жылы 1,8 мың тонна қарақұмық ұны мен жармасы импортталса, 2022 жылы 4,7 мың тоннадан астам өнім импортталды. Сырттан әкелінетін өнімнің үлес салмағы – 11,7%", - делінген Ұлттық статистика бюросы таратқан мәліметте.

11 айдың қорытындысына сәйкес, ішкі нарықта 33,4 мың тонна қарақұмық жармасы мен ірі тартылған ұны сатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу