11 отандық кәсіпорын 30 мың тоннаға жуық қарақұмық өндірді, деп жазады inbusiness.kz АШМ ресми сайтына сілтеме жасап.
Оның орташа жылдық тұтыну көлемі 29,1 мың тоннаны құрайды.
"Осылайша аз уақыт ішінде отандық өндірушілер ішкі нарықты қарақұмықпен толық қамтамасыз ете алды. Қарақұмықтың негізгі өндірушілері – Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстары", - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Биыл қарақұмық импорты 80%-ға азайып, 600 тоннаны құрады.
Еске салайық, өткен жылдың 9 айында елімізге 3 мың тоннаға жуық қарақұмық жармасы әкелінген болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу