Елімізде карантин талаптары жеңілдейді

892

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа Қаулыға қол қойды. Құжатқа сәйкес карантин талаптары жеңілдейді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Елімізде карантин талаптары жеңілдейді

2021 жылғы 10 қыркүйектегі №42 қаулыда "Қазақстан темір жолы" АҚ жұмыс пойыздарын қоспағанда жолаушылар пойыздарының құрамында ортақ вагондарды жасақтауды болдырмасын" деп жазылған.

Сонымен қатар жолаушылар ағынын төмендету және халықтың көп жиналуын болдырмау үшін "қарбалас сағатта" қоғамдық көлік санын ұлғайтуға, ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығуларға рұқсат беріледі.

"Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес уақыты мен саны бойынша шектеу арқылы қаржы нарығы субъектілері,  өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, "Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығы" және "Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы қызметіне рұқсат беріледі", - деп жазылған қаулыда.

Құжаттың толық мәтінін сілтеме арқылы өтіп, оқи аласыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу