Елімізде қарасора өсіруге ресми түрде рұқсат берілді

642

Үкімет өнеркәсіптік мақсатта қарасора өсіруге рұқсат беретін қаулы қабылдады.  

Елімізде қарасора өсіруге ресми түрде рұқсат берілді Фото: agro.ru

Қаулының мәтіні премьер-министрдің ресми сайтында жарияланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Құжатқа сәйкес, рұқсат етілген сорттар есірткі немесе психотроптық заттар өндіруге арналмаған.

– Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 22-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының үкіметі қаулы етеді: қоса беріліп отырған есірткі және психотроптық заттарды өндірумен немесе дайындаумен байланысты емес өнеркәсіптік мақсаттарда өсіруге рұқсат етілген сора (каннабис) өсімдігінің сорттары бекітілсін, – делінген қаулыда.

Әзірше өсіруге рұқсат етілген сорттардың саны – 218. Қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу