Елімізде кәріз желілерінің тозуы ең жоғары шегіне жетті - депутат

Көкшетау, Екібастұз, Семей, Риддер қалаларында бұл көрсеткіш 90 пайызды құрайды.  

Елімізде кәріз желілерінің тозуы ең жоғары шегіне жетті - депутат Фото: egemen.kz

Сенатор Ольга Булавкина Үкіметті экологиялық қауіпсіздік мәселесін шешуге шақырды.

 "Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және эпидемиялар мен жұқпалы аурулар қаупінің алдын алу мақсатында қалалар мен аудандардағы кәріздік суларды тазарту құрылыстарын инфрақұрылымдық аудиттің маңызды объектілерінің қатарына қосу қажет.  Тозған желілерді салу, жаңғырту және реконструкциялау мәселелерін шешіп, ағынды суларды тазарту үшін заманауи жоғары технологиялық жабдықтарды пайдалануды ескере отырып, кәріздік тазарту қондырғыларды жобалауда бірыңғай жүйелі тәсілді әзірлеу маңызды", – деп ұсынды депутат Сенат отырысында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу