Елімізде кәсіби мамандарға сұраныс артты

714

Сұраныс бар, ұсыныс жоқ.   

Елімізде кәсіби мамандарға сұраныс артты

2020 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша Электронды еңбек биржасында бос орын туралы 176 мың хабарландыру орналастырылды. Бұл екінші тоқсаннан 19,1 мыңға, бірінші тоқсаннан 49  мыңға жоғары, деп хабарлады ranking.kz. 

Ал бұл кезеңде жұмыс іздегендер Электронды еңбек биржасында 123,1 мың түйіндеме жүктеген. Еске сала кетсек, қыркүйек айында биржаға 47,3 мың түйіндеме орналастырылып, соңғы жылдағы ең жоғары көрсеткіш тіркелген. Мамандар мұны елдегі экономикалық жағдайдың нашарлауымен байланыстырып отыр. 

Бұл ретте 9 айда жарияланған бос жұмыс орындарының саны түйендемелер санынан 53,8%-ға жоғары екенін айта кеткен жөн. Яғни, ұсынысқа қарағанда сұраныс әлде қайда жоғары. 

Кәсіби мамандарға сұраныс, әсіресе, Нұр-Сұлтан мен Алматыда жоғары. Яғни, сәйкесінше 23,2 мың мен 19,3 мың.  Алайда Алматыда бос жұмыс орындарының саны түйндемелерге қарағанда 3 есе жоғары. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу