Елімізде кәсіби оқыту курстарының бағасы 13%-ға өсті

995

Шетел тілі курстары 5%-ға қымбаттады.

Елімізде кәсіби оқыту курстарының бағасы 13%-ға өсті

2021 жылдың үш тоқсанының қорытындысы бойынша қосалқы білім беру қызметтерінің көлемі 16,8 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,8%-ға жоғары, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі energyprom.kz-ке сілтеме жасап. 

2020 жылы мұндай қызметтер жылына 3,5%-ға арзандап, қызметтер көлемі 16,5 млрд теңгеге тұрақтаған. Бұл ретте 2020 жылға дейін саладағы қызмет көрсету көлемі жылдан-жылға өсіп отырғанын айта кеткен жөн.

Өңірлік тұрғыда қызметтердің басым бөлігі Алматыда көрсетілді: 6,3 млрд теңге – бір жыл бұрынғыдан құндық мәнде 67%-ға артық. Сондай-ақ үздік үштікке елорда (5,6 млрд теңге, 37,3%) және Атырау облысы (1,3 млрд теңге, жылдық өсім 2,1 есе) кірді.
Ең аз қызмет көрсету көлемі Шығыс Қазақстан облысына тиесілі (небәрі 4,1 млн теңге). Қызмет көрсету көлемінің ең үлкен өсімі Түркістан облысында (жылына 2,7 есе, 277,6 млн теңгеге дейін), ең үлкен төмендеу Шығыс Қазақстанда (17 есеге жуық) тіркелген.

Қосымша білім беру қызметтерінің басым бөлігін – 11,2 млрд теңгеге – жеке компаниялар көрсетті. Тағы 4,9 млрд теңге мемлекеттік кәсіпорындарға, 704,3 млн теңге шетелдік кәсіпорындарға тиесілі.

Қызмет көрсету құрылымында шағын кәсіпкерлік субъекттілері 13,3 млрд теңгені, орта – 3,1 млрд теңгені, ірі – 344,2 млн теңгені құрады.

Халықтың қаражаты есебінен қызмет көрсету көлемі жылына 38,4%-ға, 8 млрд теңгеге, кәсіпорындар есебінен 52,9%-ға, 3,1 млрд теңгеге өсті. Бюджет қаражаты есебінен қызмет көрсету көлемі керісінше төмендеді (жылына 34,4%-ға, 5,7 млрд теңгеге дейін). Нәтижесінде, саладағы барлық қызметтердің жартысына жуығы (47,8%) халық есебінен көрсетілді.

Биылғы жылдың қараша айында кәсіби оқыту курстарының құны жылына 12,7%-ға өсті. Өңірлік тұрғыда баға бірден Алматы облысында 59,2%-ға, Қостанай облысында 20,7%-ға, Маңғыстау облысында 20,1%-ға жоғарылаған.

Шет тілдерін оқыту курстары жыл сайынғы динамика бойынша 4,6%-ға өсті. Өңірлік тұрғыда баға елордада (10,1%-ға), сондай-ақ Алматы (9,5%-ға) және Шығыс Қазақстан (7,2%-ға) облыстарында айтарлықтай қымбаттады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу