Елімізде кәсіпкерлік субъектілерінің саны артып келеді

504

Биыл елімізде 10 айда тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1,7 млн-ға жуықтады.  

Елімізде кәсіпкерлік субъектілерінің саны артып келеді Фото: egemen.kz

"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының талдау қызметінің мәліметінше ШОБ субъектілері 21%-ға артқан, деп жазады inbusiness.kz.

Кәсіпорындардың құрымы жағынан жеке кәсіпкерлік басым. 1 қарашадағы жағдай бойынша 1 166 мың кәсіпкер тіркелген. 333 мың ЖШС, 234 мың шаруа және фермер қожалықтары ашылған.

"Даму" сарапшыларының дерегінше, елімізде шағын және орта бизнес субъектілері санының артуына экономикадағы өсім, әлемдегі геосаяси жағдай және мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған ынталандыру шаралары мен проференциялар ықпал етіп отыр.

Салалық бөліністе биыл елімізде ашылған ШОБ субъектілерінің басым бөлігі сауда, өңдеу өнеркәсібі және қызмет көрсету саласында жұмыс істейді.

Сонымен қатар, иесі шетелдік немесе шетелдіктің қатысуымен ашылатын компаниялар санының артуы да байқалады. Егер соңғы 5 жылда елдегі шетелдік кәсіпкерлік субъектілерінің өсімі орта есеппен 12% болса, биыл 10 айдың ішінде олардың саны 30%-ға артқан. Сарапшылардың пікірінше, мұндай тенденцияға әлемдегі геосаяси жағдай ықпал етіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу