Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, 194,7 мың адам жұмысқа орналасты (оның 73,5 мыңы тұрақты жұмысқа).
Субсидияланатын жұмыс орындарына 121,2 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 13,5 мың адам, жастар практикасымен 7,4 мың адам, қоғамдық жұмыстармен 87,5 мың адам қамтылды.
Сондай-ақ "Алғашқы жұмыс орны" жобасы аясында 3,1 мың адам, "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы аясында 92 адам, "Күміс жас" жобасы аясында 9,6 мың адам жұмысын тапты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу