Елімізде кәсіптік оқыту курстары бір жылда 18,7%-ға қымбаттады

508

Былтырғы төртінші тоқсанда елімізде қосалқы білім беру қызметінің көлемі 15,1 млрд теңгеге жетіп, жылдық өсім 27,6%-ды құрады.

Елімізде кәсіптік оқыту курстары бір жылда 18,7%-ға қымбаттады Фото: Егемен Қазақстан

Сектордағы қызметтердің негізгі бөлігі кәсіпорындар есебінен көрсетілді: 6,6 млрд теңге. Тұрғындар есебінен – 4,4 млрд теңге, бюджет есебінен – 4,2 млрд теңге, деп жазады inbusiness.kz ranking.kz порталына сілтеме жасап. 

Қосалқы білім беру қызметтерінің айтарлықтай көлемі Астанада көрсетілді: 6,4 млрд теңге. Үздік бестікке Алматы қаласы (4,5 млрд теңге), Атырау (1,5 млрд теңге), Жамбыл (523,1 млн теңге) және Маңғыстау (464,7 млн теңге) облыстары енді.

Шығыс Қазақстан, Ұлытау және Жетісу облыстарына ең аз қызмет көлемі тиесілі.

Осы жылдың наурыз айының қорытындысы кәсіптік оқыту курстарының бағасы бір жылда 18,7%-ға, шет тілі курстары 16%-ға артқанын көрсетті.

Оның ішінде кәсіптік оқыту курстары Түркістан облысында ең көп қымбаттады: 2 есе. Антилидерлер үштігінде Ақтөбе және Қостанай облыстары бар.

Шет тілі курстарының бағасы өзге өңірлерге қарағанда Жетісу облысында айтарлықтай өсті: бір жылда +60%. Одан кейінгі орында Павлодар облысы мен Астана орналасты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу