Елімізде қатерлі ісіктен кемінде күніне 10 адам көз жұмады екен

919

Бүгінде қатерлі ісікпен ауыратын 180 мыңға жуық адам диспансерлік есепте тұр.

Елімізде қатерлі ісіктен кемінде күніне 10 адам көз жұмады екен

Қазақстанда қатерлі ісік дендеп барады. Елімізде аты жаман аурудан күніне 10 адам қайтыс болады екен. Құрбандардың дені 40 пен 70 жас аралығындағы адамдар, деп хабарлайды Almaty.tv.

Онкологтардың айтуынша, обыр ауруына әсіресе өнеркәсіптік өңірлер – Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары жиі шалдығады. Қазір елімізде қатерлі ісікпен ауыратын 180 мыңға жуық адам диспансерлік есепте тұр.

Онкологиялық ауруларлардың ең көп тарағаны – сүт безі, өкпе, асқазан және жатыр мойны обыры. Ақ халаттылар мұндай дертті асқындырып алғандарды ажал аузынан аман алып қалу мүмкін емес дейді. Сондықтан денсаулықтарын уақтылы тексеруге шақырып отыр.

"Алматы қаласын мысалға алсақ, биыл бізге тіркеуге тұрған сүт безі қатерлі ісігімен ауыратындардың 25 пайыз скрининг арқылы анықталған. Сонымен қатар, тікішек пен тоқышектің обырын анықтау көрсеткіші де жақсы болмай тұр. Науқастардың тек 5 пайызы ғана скрининг арқылы анықталып отыр. Тік ішекке шалдыққан науқастардың 50 пайызы бір жылдың ішінде қайтыс болады. Себебі – дәрігерге тым кеш келгеннен", – дейді онколог дәрігер Мұратжан Сақтағанов.

Қауіпті дерттен болатын өлім көрсеткішін азайту мақсатында дәрігерлер осы сенбіде онкологиялық орталықтар мен емханаларда ашық есік күнін өткізбек. Мұндай шара еліміздің әр өңірінде жүргізіледі. Ерте диагностика жасайтын скринингтер барша қазақстандықтарға тегін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу