Елімізде қатты жаңбыр күтілуде

2191

Синоптиктер Қазақстанның алдағы үш күнге 9 сәуірі мен 11 сәуірі аралығындағы ауа райы болжамымен бөлісті. 

Елімізде қатты жаңбыр күтілуде Фото: elements.envato.com

Республика бойынша нөсер жаңбыр жауады.

"Қазгидромет" РМК ақпаратына сәйкес, республика аумағының басым бөлігі бұрынғысынша атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады, осыған байланысты түнде жауын-шашын (негізінен жаңбыр), күндіз жауын-шашын болады.

"9 сәуірде еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, 9-11 сәуірде шығыста, 11 сәуірде Қазақстанның орталығында қатты жауын-шашын болады, жел күшейеді, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Оңтүстік облыстарда екпінді жел күтіледі", - деді синоптиктер.

Болжам бойынша, күндіз ауа температурасы:

  • республиканың солтүстігінде 0+8°С;
  • солтүстік-батыста, шығыста және орталықта +5+15°С;
  • батыста және оңтүстікте +15+23°С.

"Түнде және таңертең Қазақстан бойынша тұман күтіледі" , делінген "Қазгидромет" РМК таратқан хабарламада.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК мамандары республиканың қай өңірлерінде өзендердегі су деңгейінің көтерілетінін айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу