23-25 қаңтар аралығында республика аумағында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Аталған іс-шараның мақсаты – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және елдегі заңдылықты нығайту.
Іс-шара аясында полиция қызметкерлері басқа да құзыретті органдармен бірлесіп, еліміздің жолдарында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, құқық бұзушылықтарды анықтайды.
"Жолаушыларды тасымалдау кезіндегі жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жалған немесе мемлекеттік нөмірі жоқ көліктерді басқаратын азаматтарды анықтауға және қауіпті жүргізушілерге басым назар аударылады", – деп ескертті полиция.
Сонымен қатар, жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауы бақыланады.