Үкіметтің 2025 жылғы 2 мамырдағы қаулысымен міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерге мәйітті тасымалдауға дайындауға, мәйітті тасымалдауға, жерлеуге, қабір ескерткішін дайындауға және орнатуға байланысты шығыстарды өтеу мөлшеріне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Әскери қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе әскери қызмет міндеттерін орындау нәтижесінде алған мертігуден (жараланудан, жарақаттанудан, контузия алудан), ауырудан қайтыс болған әскери қызметшілердің мәйітін тасымалдауға дайындаумен, мәйітті тасымалдаумен, жерлеумен, құлпытасын жасаумен және орнатумен байланысты шығыстар айлық есептік көрсеткіштің сексен еселенген мөлшерінде (2025 жылы 314 560 теңге) белгіленді.
Бұл ретте құжаттың жаңа редакциясында "әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілер" санаты жоқ. Осылайша, енді жерлеу шығындары әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілерге өтелмейді.
Үкіметтің қаулысы 17 мамырдан бастап қолданысқа енгізіліп, 2025 жылғы 19 мамырдан бастап туындаған құқықтық қатынастарға іс жүзінде қолданылмақ.