Елімізде қазақ-неміс мектебі ашылады

261

Сонымен қатар Қазақстан-Неміс ғылым және технологиялар институтын құрылады деп жоспарланып отыр. 

Елімізде қазақ-неміс мектебі ашылады Фото: Қазақ үні

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Германия Федералдық канцлері Олаф Шольц екі ел арасындағы ынтымақтастық туралы бірлескен декларация қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Келіссөздер қорытындысы бойынша келесі құжаттарға қол қойылды:

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен Дойче Бундесбанк арасындағы Орталық банктер ынтымақтастығының техникалық мәселелері жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Германия Федеративтік Республикасының Федералдық Сыртқы істер министрлігі арасындағы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті жанынан Қазақстан-Неміс ғылым және технологиялар институтын құру жөніндегі ниет туралы меморандум;

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы мен "Возрождение" қазақстандық немістер бірлестігі" қоғамдық қоры және Германия Федеративтік Республикасының Федералдық Сыртқы істер министрлігі арасындағы қазақ-неміс мектебін құру ниеті туралы меморандум.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу