Елімізде қазақы ит тұқымдарының стандарты әзірленді

1017

Тиісті құжат жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.  

Елімізде қазақы ит тұқымдарының стандарты әзірленді Фото: Pinterest

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті қазақы ит тұқымдарының стандартын әзірледі, деп жазады inbusiness.kz.

Құжатта тазы және төбет ит тұқымдары туралы айтылған.

Тазы тұқымы туралы кестеде 24 тармақ бар. Атап айтқанда, терісі, бұлшық еттері, сүйектері, басы, құлағы, көзі, мойны және т.б. Тазының жалпы түрі және дене бітімінің типі "бойы орта және ортадан жоғары, мықты денесі бар арықтау ит, созылу индексі 103" деп көрсетілген.

"Қара, ақ, түрлі реңкті ақшыл сарғыш, қызыл және сұр түстердің барлық түрлері. Барлық өңдер тұтас, сонымен қатар теңбіл болуы мүмкін. Тұмсығында, құлағында, аяқтарының ұштарында қара дақтар болуы мүмкін. Күшіктер өсу барысында түсін және реңін өзгертуі мүмкін", - делінген тазы сипаттамасында.

Ал, қазақы төбет туралы кестеде 17 тармақ бар.

"Бассүйегі: біркелкі кең, сопақша, ұзын. Маңдайы тегіс, орта тұсында кішігірім ойығы бар. Желке төмпешігі әлсіз байқалады.  Қас үстіндегі доғалары біркелкі білінеді. Маңдайдан тұмсығына ауысымы: біркелкі", - деп жазылған төбет сипаттамасында.

Құжатты жария талқылау 3 наурызға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу