ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасына сәйкес, Қазақстанда кедейлік шегінің мөлшерін есептеу тәртібі өзгереді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы бойынша кедейлік шегі:
- 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген тоқсанының алдындағы тоқсанға есептелген ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызы мөлшерінде;
- 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген тоқсанының алдындағы тоқсанға есептелген ең төмен күнкөріс деңгейінің 50 пайызы мөлшерінде айқындалады.
Еліміздегі кедейлік шегі 2017 жылдың 1 қазанынан бастап ең төмен күнкөріс деңгейінің 50 пайызы мөлшерінде есептелсе, бұл көрсеткіш 2018 жылғы 1 қаңтардан 50 пайызға, ал 2019 жылғы 1 сәуірден бастап 70 пайызға көтерілген болатын. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Әлеуметтік кодекс жобасына сәйкес, 2025 жылдан бастап көрсеткішті қайтадан 50 пайызға түсіруді жоспарлап отыр.