Елімізде кейбір ХҚКО-лар алдын ала жазылу форматына көшті

132

20 ақпаннан бастап пилоттық жобаға 22 бөлім қосылды.    

Елімізде кейбір ХҚКО-лар алдын ала жазылу форматына көшті Фото: gov.kz

Республика бойынша 32 аудандық және қалалық ХҚКО бөлімінде қызмет көрсету алдын ала жазылу форматына көшірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Енді тұрғындар өзіне ыңғайлы күн мен уақытты алдын ала таңдап, белгіленген уақытта келе алады, қабылдау тек алдын ала броньдалған талондар бойынша жүзеге асырылады. Бұл әсіресе шалғай өңір тұрғындарына кезек күтпей, сапарын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді", – делінген хабарламада.

Алдын ала жазылу "ЦОН" және "Egov mobile" мобильді қосымшалары электрондық үкімет порталы талон беру киоскілері арқылы қолжетімді.

Бұл ретте дайын құжаттарды беру, өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы және құжаттандыру қызметтері бұрынғы режимде, яғни алдын ала жазылусыз көрсетіледі.

Сонымен қатар келушілердің жекелеген санаттары үшін арнайы жұмыс орны қарастырылған. Ол Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және шетелдік азаматтарға арналған.

Атап өтсек, жоба пилоттық режимде жүзеге асырылып отыр. Талдау қорытындысы бойынша қызметті одан әрі кеңейту және ауқымын ұлғайту туралы шешім қабылданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу