Елімізде келесі жылдан бастап шетелдіктерден туристік жарна алынады

669

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидалары" № 787 қаулысына сәйкес, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап шетелдіктерден туристік жарна алынады. 

Елімізде келесі жылдан бастап шетелдіктерден туристік жарна алынады Фото: elorda.info

Қазақстанда 2023 жылдан бастап шетелдіктерден туристік жарна алынады, деп жазады inbusiness.kz құжатқа  сілтеме жасап.

Құжатта көрсетілгендей, туристік жарна туристерден қалалар мен аудандардағы хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болатын әрбір тәулік үшін алынады. Осы тұста туристік жарна сомасы тұру құнына қосылмайды.

Туристік алым мөлшерлемелерін жергілікті атқарушы орган белгілеп, мәслихаттарға бекітуге ұсынады.

Шетелдіктер үшін туристерді орналастыру орындарындағы туристік

жарнаға мынадай мөлшерлемелер қолданылады:

-         2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда – болу

құнының 0 (нөл) пайызы;

-         2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – болу құнының 5 (бес) пайызынан

аспайды.

Туристік жарна жергілікті бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер болып есептелінбек.

Құжатта көрсетілгендей, шетелдіктердің туристерді орналастыру орындарында болуының толық емес күні үшін туристік алым толық күнге алынады.

Операторлар шетелдік туристерге әр тәулік үшін туристік жарна алынатынын ескерту қажет.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу