Қаржы министрлігі "2027 – 2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын әзірледі. Құжатта АЕК мөлшері өсетіні жазылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Заң жобасы "Ашық НҚА" порталында пайда болды.
"2027 жылғы 1 қаңтардан бастап: 1) жалақының ең төмен мөлшері – 85 000 теңге; 2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 38 622 теңге; 3) зейнетақының ең төмен мөлшері – 74 919 теңге; 4) айлық есептiк көрсеткiш – 4 693 теңге; 5) ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң мөлшері – 55 173 теңге болып белгіленсін", – деп жазылған заң жобасында.
Құжатты жария талқылау 5 қыркүйекке дейін жалғасады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу