Елімізде халықаралық Менделеев олимпиадасы өтеді

467

Қазақстандық команда 15 оқушыдан тұрады.

Елімізде халықаралық Менделеев олимпиадасы өтеді Фото: Sn.ria.ru

Қазақстан Халықаралық Менделеев олимпиадасын қабылдайды, деп хабарлайды inbusiness.kz. Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Оның айтуынша, химия пәнінен оқушылардың 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасына дайындық мәселелері бойынша жиналыс өткен.

Жиналысқа Оқу-ағарту, Сыртқы істер, Ішкі істер, Денсаулық сақтау министрліктерінің өкілдері, Еврохим груп, Назарбаев университеті, Бизнес-протокол шешімдері Агенствосы мамандары және Астана қаласы Білім басқармасы мен министрлікке бағынысты орталықтар өкілдері қатысты. Жұмыс отырысы барысында ұйымдастырушылық мәселелері, олимпиада турларына дайындық және т.б. сұрақтар талқыланды.

Айта кетсек, химия пәнінен оқушылардың 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасы ағымдағы жылдың 30 сәуір мен 7 мамыр аралығында Астана қаласында Назарбаев Университеті базасында 20 аса қатысушы-мемлекеттермен өткізіледі.  Қазақстандық команда 15 оқушыдан тұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу