Елімізде кибершабуылдар саны шамамен 3 есе артты

1097

Оның 2,7 мыңы – ботнеттер.

Елімізде кибершабуылдар саны шамамен 3 есе артты

2021 жылдың қаңтар айында 3 мыңнан аса кибершауыл тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 2,8 есе жоғары. 2020 жылдың қаңтарында аталған көрсеткіш керісінше 30,5%-ға төмендеген еді, деп хабарлады inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап.

2018-2022 жылдары ел халқының IT сауаттылық деңгейін көтеруге негізделген "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы жүзеге асырылуда. Аталған мемлекеттік жоба негізінде бұл көрсеткіште 77%-дан 83%-ға жеткізу жоспарланған. 
2019 жылы халқымыздың цифрлық сауаттылық деңгейі жоспарланған 78,5%-дан асып, 82,1%-ға жетті. 

Осылайша Қазақстан БҰҰ-ның киберқауіпсіздік бойынша рейтингінде 40-орынға тұрақтаған.

Алайда ел халқының IT қатерлерді түсіну көрсеткіші 63% шамасында, деп хабарлады primeminister.kz.

2021 жылдың алғашқы айында тіркелген 3 мың кибершабуылдың 2,7 мыңы – ботнеттер. Ботнет деп отырғанымыз – компьютерлерді иелерінің келісімінсіз қашықтықтан басқаруға мүмкіндік беретін вирустық бағдарламалар желісі. Бот-желілердің көмегімен қылмыскерлер спамдарды жібере алады, вирустарды тарата алады, компьютерлер мен серверлерге шабуыл, сондай-ақ басқа қылмыстар мен алаяқтық түрлерін жасай алады. Елімізде мұндай жағдайлар саны 3,2 есе өскен. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу