Елімізде кибершабуылдардың саны 20%-ға өсті

882

Компьютерлік құйтырқылықтардың көпшілігі ботнеттер мен зиянды бағдарламаларға қатысты.

Елімізде кибершабуылдардың саны 20%-ға өсті

KZ-CERT компьютерлік инциденттеріне жауап беру қызметінің мәліметтері бойынша, биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында компьютерлік қауіпсіздікті бұзудың 13,9 мыңнан астам жағдайы тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ranking.kz-ке сілтеме жасап.

 Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,1%-ға көп.  Сонымен қатар бүкіл бақылау кезеңіндегі ең жоғары көрсеткіш.

Компьютерлік шабуылдардың жартысына жуығын ботнеттер құрайды және олардың үлесі жылдан жылға азайып келеді.  Мәселен, өткен жылы 49,5%-дан 45,3% -ға дейін төмендеді, ал 2019 жылы 82,7% құрады.

Қаңтар-маусымда ботнеттерге қатысты 6,3 мың оқиға тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10% артық.  Жалпы алғанда олардың саны үш жыл қатарынан азаюда.

Ботнеттерден басқа, компьютерлік шабуылдардың едәуір бөлігі зиянды бағдарламалық жасақтамаларды анықтауға байланысты: бір жыл ішінде мұндай жағдайлардың саны 3,1 есеге өсті. Осыдан кейінгі орында интернет-ресурсқа қол жетімділіктің болмауы тұр: 1,2 мың жағдай, көрсеткіш 23,7% төмендеген. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу