Елімізде киік мүйізін таңбалау құны бекітілді

119

Тиісті бұйрық 2026 жылғы 11 наурызда қабылданып, 14 наурыздан бастап күшіне енді.  

Елімізде киік мүйізін таңбалау құны бекітілді Фото: gov.kz

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бұйрығына сәйкес, бір бақылау белгісінің шекті құны ҚҚС-сыз 911 теңге болып белгіленді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жаңа талаптар киік мүйіздерінің шығу тегі мен қозғалысын бақылауды күшейтуге бағытталған. Министрліктің мәліметінше, таңбалау жүйесі тауардың өндірілген сәтінен бастап тұтынушыға дейінгі барлық жолын бақылауға мүмкіндік береді. Бұл көлеңкелі айналымды азайтып, контрафактілік өнімнің таралуына тосқауыл қояды.

Сонымен қатар белгіленген бірыңғай баға нарық қатысушылары үшін тең жағдай жасап, есепке алу және бақылау жүйесін жеңілдетеді.

Айта кетейік, биылдан бастап киік мүйіздері ресми түрде сатыла бастайды. Экология министрі Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, министрліктің қоймаларында шамамен 20 тонна киік мүйізі бар. Оның барлығы заңсыз киік аулаған броконьерлерден алынған. Биыл оларды экспортқа шығарып сату жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу