Елімізде киіктер саны бір жылда 55 пайыз өсті

3201

Жалпы саны 334 мың бастан асты.

Елімізде киіктер саны бір жылда 55 пайыз өсті

Қазақстанда киіктердің саны бір жылда 55 пайыздан астамға өсіп, жалпы саны 334 мың бастан асты. Бұл туралы АШМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет хабарлады.

"Сіздерге жақсы жаңалықты жеткізбекпін. 2019 жылғы авиаесептің нәтижесі бойынша, Қазақстандағы киіктердің жалпы саны 334 400 басты құрады, соның ішінде бетбақдалалық популяция – 111 500 бас, оралдық популяция – 217 000 бас және үстірттік популяция –5 900 бас",– деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Өткен жылмен салыстырғанда өсім 55,5 пайыздан асыпты (2018 жылғы саны – 215 100 бас).

Айта кетсек, елімізде киіктер жоғалу қаупі бар жануарлар тізімінде. Оны атқандар заң алдында жауап береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу