Елімізде киім-кешек қымбаттады

633

Қазан айының қорытындысы бойынша елімізде киімнің бағасы жыл ішінде 14,6%-ға көтерілген. 

Елімізде киім-кешек қымбаттады Фото: dresscodenine.co.uk

Киім ең қатты қымбаттаған өңір Астана қаласы, жыл ішінде өсім 25%, деп жазады inbusiness.kz, energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызылордада 19,8%, Ақмола облысында 19%. Баға ең аз өсті деген Ақтөбе облысының өзінде 9,7%-ға көтерілген. Соның ішінде ер адамдардың киімі жыл ішінде 14%-ға, әйелдердікі 14,1%, балалар киімі 17,2% қымбаттады.

Биылғы қаңтар-қыркүйекте елімізде киім өндірісі жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда ақшалай мәнде 12,7%-ға артып, 43,1 млрд теңгені құрады. Өнімнің басым бөлігі Шымкентке тиесілі, жылдық өсім 44%, ақшалай 7,4 млрд теңге. Екінші орында Алматы - 6,9 млрд теңге, 15,2%-ға артқан. Алматы облысында киім өндірісінің көлемі керісінше 48,6%-ға қысқарыпты, ақшалай мәнде 4,2 млрд теңгені құрады.

Жылдың алғашқы сегіз айында тоқыма және кездемеден тігілген киімдер импорты 71 мың тонна болып, 888,9 млн долларды құрады.  ТМД елдерінен 16,9 мың тонна киім әкелінген, жыл бұрынғы мәннен 2,9%-ға аз. Ұйым аясында елімізге киім жеткізетін негізгі ел – Өзбекстан - 10,2 мың тонна, көрсеткіш 5,4%-ға азайыпты.

ТМД-ға кірмейтін елдерден 54,1 мың тонна киім әкелінген, өткен жылмен салыстырғанда 17,8%-ға ұлғайған. Негізгі импортерлер Қытай (39,3 мың) мен Түркия (12 мың).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу