Елімізде кімдер тісін тегін емдете алады?

Мұндай қызметті МӘМС аясында жүзеге асыруға болады.  

Елімізде кімдер тісін тегін емдете алады? Фото: canva.com

Шұғыл стоматологиялық көмектің балалар мен жүкті әйелдерге тегін екені белгілі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Десе де, еліміздегі кей азаматтар да МӘМС аясында стоматологиялық көмекті тегін алуға құқылы. 

Шұғыл стоматологиялық көмек көрсету мына азаматтарға тегін көрсетіледі:

  • Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне;
  • I, II, III топтағы мүгедектерге;
  • атаулы әлеуметтік көмек алушыларға;
  • зейнеткерлерге;
  • жұқпалы және әлеуметтік маңызды аурулары бар азаматтарға, сондай-ақ қоғамға қауіп төндіретін аурулармен ауыратын адамдарға;
  • бала кезінен I топ мүгедектеріне немесе мүгедек балаға күтім жасайтын жұмыс істемейтін азаматтарға;
  • "Алтын алқа" және "Күміс алқа" иеленген көпбалалы аналарға.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу