Елімізде кинотеатрлар қызметі қымбаттады

734

Бұл салада баға бірден 50%-ға көтерілген өңір – Ақмола облысы.

Елімізде кинотеатрлар қызметі қымбаттады Фото: google.com

Жалпы, кино-видеофильм , телебағдарлама түсіру, фонограмма мен музыка жазу саласында Алматы көшбасшы, деп жазады inbusiness.kzranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Жалпы қаңтар-маусым аралығында бұл салада көрсетілген қызмет құны 23,4 млрд теңге болды, ақшалай мәнде өткен жылмен салыстырғанда 10,5% жоғары (нақты өсім 1,6% ғана). Салыстырмалы түрде: өткен жылдың сәйкес кезеңінде саладағы қызмет көрсету көлемі 21,2 млрд теңгені құрап, жыл ішіндегі өсім 19,6% болған еді.

Өңірлік бөліністе бұл салада көрсетілген қызметтің 65,4%-ы Алматыға тиесілі, жыл бұрынғы көрсеткіштен ақшалай мәнде 4,1%-ке өсіп, 15,1 млрд теңгені құрады. Екінші орында Астана қаласы (18,6%) 4,4 млрд теңгеге қызмет көрсетілген. Жыл ішінде өсім 10,2%-ға қысқарған. Шымкент қаласы 1,2 млрд теңгеге қызмет көрсетіпті, жыл ішіндегі өсім 88,3%-ды құрайды.

Бұл салада көрсетілген қызметтің ең аз үлесі Ұлытау (2,5 млн теңге), Ақмола (11,6 млн теңге) және Қызылорда (20,1 млн теңге) облыстарына тиесілі.

Саладағы қызметтің 44,5%-ы кинофильм көрсетуге тиесілі – 10,4 млрд теңгеге, жыл бұрынғы мәннен 3,2 есе өскен.

Тағы 35,8%-ы  фильмдер мен бағдарлама түсіруге тиесілі, оған 8,4 млрд теңге жұмсалған, жыл ішінде 29,9% пайызға азайған.  Ал, фильмдер мен телебағдарламаларды таратуға 4,2 млрд теңге жұмсалыпты, көрсеткіш 26,7%-ға төмендеген. Фильмдер мен бағдарлама түсірілімін аяқтау бойынша көрсетілген қызмет 346,8 млн теңге, дыбыс және музыкалық шығарма жазуға 101 млн теңге жұмсалған.

Қазан айының қорытындысында кинотеатр қызметі жылдық мәнде бірден 10,1%-ғы қымбаттаған. Бұл салада баға бірден 50%-ға көтерілген өңір – Ақмола облысы. Ақтөбе облысында 20,3%-ға, Түркістан облысында 18,2%-ға қымбаттаған. Маңғыстауда баға өзгермеді, ал Шымкентте 2,8%-ға арзандады.

Сондай-ақ, елімізде түсірілетін фильмдердің өндірісі, мазмұны мен қолданылатын технологиясының сапасы артқан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу