Елімізде кіреберіс жолдарды пайдалану ережелері өзгерді

682

Елімізде кіреберіс жолдарды пайдалану ережелері өзгерді

Кіреберіс жолдарды пайдалану ережелерін бекіту жөніндегі бұйрыққа енгізілген өзгертулер күшіне енді, деп жазады strategy2050.kz.

Кіреберіс жолдарды пайдалану ережелерін бекіту жөніндегі бұйрыққа енгізілген өзгертулер күшіне енді, деп хабарлады ҚР инвестициялар және даму министрлігі.

"Бұйрықта кіреберіс жолдарды жоспарлы және жоспардан тыс жөндеу түрлерін қарастыратын норма енгізілген. Бұл белгіленген жұмыстарды жүргізу процесін реттеуге және жол тармақтары иелерінің кіреберіс жолдарды негізсіз жауып тастауын шектеуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада. 

Сонымен бірге, жоспарланған жұмыс кестесі өзгерген жағдайда жол тарамақтарының иелері тасымалдау қызметін көрсететін пайдаланушыларды кем дегенде 15 күн бұрын хабарландыруға міндетті.

Бұдан бөлек, ережеде жол тармақтары иесінің қажет болған жағдайда, қабылдау-беру тізімдемесін тасымалдаушыдан сұрау құқығы белгіленген.

Анықтама: Қазақстанда контрагенті бар 3274 кіреберіс жолдар бар. Олардың жалпы ұзақтығы 11 мың шақырымды құрайды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу