Елімізде кітаптар 16,5%-ға қымбаттады

520

2022 жылғы қарашада Қазақстанда өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда кітаптар 16,5 пайызға қымбаттады.   

Елімізде кітаптар 16,5%-ға қымбаттады Фото: pixabay

Бұл туралы inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлайды.

Өңірлік бөліністе кітап бағасы Ақмола облысында ең қатты өскен – 43,4%. Сонымен қатар ең жоғары өсім байқалған өңірлер бестігіне Түркістан облысы (41,4%), Астана қаласы (38,3%), Қостанай облысы (28,9%) және Атырау облысы (24,9%) кірді. Баға Маңғыстау облысында ғана өзгеріссіз қалды.

Айта кетейік, соңғы 10 жыл ішіндегі ең жоғары қымбаттау (жылдық) 2016 жылдың тамызында тіркелді. Ол кезде баға 26,4%-ға өсті.

Жалпы республика бойынша 3 920 кітапхана жұмыс істейді, оның төртеуі - электрондық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу