Елімізде қоғамдық және әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы 1000 теңгеге артады

492

Сонымен қатар кәсіптік оқудан өткен адамдардың да еңбекақысы артады.  

Елімізде қоғамдық және әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы 1000 теңгеге артады Фото: egemen.kz

"Қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдардың жалақы мөлшерін экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескергенде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған ең төменгі жалақыдан аз емес мөлшерде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган белгілейді", – деп жазылған жобада.

Құжат 27 қаңтарға дейін қоғам талқысына ұсынылған.

Қазір бұл 20 жиырма айлық есептік көрсеткіштен төмен емес мөлшерде беріледі. Ол биыл 69 мың теңгені құрайды, ал бұл ең төменгі жалақыдан аз. Қазір Қазақстанда ең төменгі жалақы – 70 мың теңге.

Сонымен қатар бұйрық жобасында әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздар мен кәсіптік оқудан өткен адамдардың жалақысы субсидияның ай сайынғы мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескергенде ең төменгі жалақыны құрайтыны жазылған. Бұл төлемдер де қазір 20 АЕК, яғни 69 мың теңгені құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу