Елімізде қой саны 4,1% өсті

456

Биылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша қой саны 25,9 млн басты құрады. 

Елімізде қой саны 4,1% өсті Фото: google.com

2022 жылдың қаңтар-мамыр аралығымен салыстырғанда мал басы 4,1%-ға өскен. Қойдың ең көп саны Түркістан облысында – 5,9 млн бас, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

Одан кейін тізім басында Жамбыл және Алматы облыстары: сәйкесінше 3,9 млн және 3,2 млн бас.

Қой санының ең көп өсімі елордада тіркелді – 39,4%-ға. Алматыда керісінше қой басы 21,6% азайған.

Айта кетейік, қойдың 48% халықтың жекежайында, тағы 47%-ы жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының, қалған 5%-ы  шаруашылық кәсіпорындардың қолында.

Сонымен қатар биылғы 5 айда ешкілердің саны былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,7%-ға артып, 3,2 млн басты құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу