Қазақстан Республикасында шілде айында 137,8 мың жеңіл автокөлік тіркелген. Бұл маусым айымен салыстырғанда 6,6%-ға (9,8 мың бірлік) аз.
Көрсеткіш 3 ай қатарынан төмендеп келеді. Шығарылғанына 10 жылдан асқан автокөліктерді тіркелу 13,7%-ға (15,9 мың бірлік), 100,2 мың бірлікке азайды. Салыстырар болсақ 2022 жылға орташа деңгей 56,6 мың бірлікті құрайды.
Жалпы, ескі көліктер барлық тіркелген авто үлесінің 73%-ға жуығын алды.
Ал құрастырылғаны 3 жыл болмаған көліктер 6%-ға жиі тіркеле бастады.
Қазіргі деңгей 8,9 мың бірлікті құрайды.
Төмендеуге қарамастан, автокөліктерді тіркеудің жалпы саны алты ай ішінде өте жоғары деңгейде қалды (130 мыңнан астам бірлік). Мұндай жағдай бұрын-соңды болмаған. Оған себеп – осы кезеңде шетелдік автокөліктерді заңдастырылған болатын.