Елімізде көліктерді техникалық байқаудан өткізу тәртібі өзгереді

340

900-ге жуық орталық қайта біліктіліктен өтеді деп күтіліп отыр. 

Елімізде көліктерді техникалық байқаудан өткізу тәртібі өзгереді Фото: naceks.kz

Көлік министрі Марат Қарабаев Мәжіліс кулуарында автокөлікті техникалық байқаудан өткізу ережесі қалай өзгеретінін түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сөзінше, техникалық байқау процедурасы өзгереді.

"Бірақ оған осы қызметтің "ҚазАвтоЖолға" берілуімен байланысты емес. Бұл біз қабылдап жатқан нормативтік құжаттарға қатысты. 10 мамыр күні заң жобасы екінші оқылымнан өтті. Осыған дейін техникалық байқаудан өткізу орталығын ашу үшін хабарламалық сипат жеткілікті болса, енді біздің қызметкерлер барлық құрал-жабдық бар ма, жоқ па – соны тексеріп, одан кейін ғана рұқсат береді. Тиісті құралдар болмаса, рұқсат та жоқ деген сөз", - деді Қарабаев.

Министрдің дерегінше, еліміздегі 900-ге жуық орталық қайта біліктіліктен өтуі тиіс.

"Бұл көлік құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жасалынды. Қазақстандықтар үшін автокөлікті техникалық байқаудан өту процедурасы өзгереді, енді талап күшейеді", - деп түсіндірді ведомство басшысы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу