Елімізде коллекторлық компанияларға жаза күшейтіледі

576

Коллекторларға жазаны күшейту бастамасы дау тудырып жатыр.   

Елімізде коллекторлық компанияларға жаза күшейтіледі Фото: egemen.kz

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қарыз өндірушілерге салынатын айыппұл мөлшерін екі есе көбейтуді көздейді. Өйткені оларға шағымданушылар артқан, деп жазады inbusiness.kz qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап. Ал күні-түні телефон шалып, мазаны алатын коллекторлардың бұған қатысты өз уәждері бар.

Коллекторларға талап күшейтілсе де, клиенттермен осылай сөйлесетіндер азаймай тұр. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің дерегінше, соңғы екі жылда мыңға жуық арыз түскен.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі департаментінің басшысы Сарбиназ Жарасованың айтуынша, барлық шағымдар бойынша құжаттамалық тексерулер жүргізілді. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау шеңберінде коллекторлық агенттіктерге екі жыл ішінде шамамен 66 миллиард теңгеге айыппұл салынды.

Айыппұл салынғанымен айылын жимай тұр. Енді агенттік жазаны тағы күшейтуді көздеп отыр. Яғни, коллекторлық этиканы бұзып немесе сот орындаушы, тергеуші болып өтірік қорқытқандарға айыппұл екі есе көбеймек. Қазір тиісті норма дайын. Оған сай коллекторларға 50-150 АЕК емес, 300 АЕК, яғни миллион теңгеден аса айыппұл салынуы мүмкін.

Ал Ұлттық коллекторлар палатасындағылар айыппұлдың көтерілуіне әрине қарсы. Айтуларынша, билік мәселенің салдарымен емес, себебін күресуі керек. Яғни жазаны күшейтпей, халықтың табысын арттырып, қарыздан құтылуға жағдай жасауы керек деген ұстанымда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу