Елімізде қолма-қол ақшасыз төлемдердің саны артты

114

Бұл ақпаратты Ұлттық банк жариялады.  

Елімізде қолма-қол ақшасыз төлемдердің саны артты Фото: gov.kz

Қазақстанда жарты жылда қолма-қол ақшасыз төлемдердің көлемі 100,7 трлн теңгеге жетіп, бір жылда 20%-ға артқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ұлттық Банктің мәліметінше, барлық транзакцияның 98%-ы қолма қол ақшасыз форматта жасалған, ал QR-код арқылы төлемдер POS-терминалдарды басып озды.

Ұлттық Банктің төлем жүйелері арқылы жалпы 746 трлн теңгеге 54,6 млн операция орындалды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда көлемі бойынша 9,2%-ға, саны жағынан 34%-ға көп.

Бірінші жартыжылдықта халық төлем карточкалары мен банктердің мобильді қосымшаларын белсенді қолданған. 

"Халықаралық ақша аударымдары қысқарды: шетелге жіберілген қаражат көлемі 16%-ға азайып, 321 млрд теңгені құрады. Қазақстанға түскен аударымдар да 105 млрд теңгеге дейін төмендеді.

Төлем ұйымдарының айналымы өсіп, 4,6 трлн теңгеге жетті. Ең көп сұранысқа ие қызмет – онлайн төлемдерді өңдеу. Дегенмен Ұлттық Банк заң бұзған бірнеше ұйымды тіркеуден шығарып, айыппұлдар салды", – делінген хабарламада.

Қаржы нарығының қауіпсіздігі үшін қашықтан сәйкестендіру сервисі мен Антифрод-орталық белсенді жұмыс істеді.

Алты айда 23,5 млн биометриялық тексеру жүргізіліп, 2,3 млрд теңгенің алаяқтық транзакциясы бұғатталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу