Елімізде көмір бағасы 5%-ға қымбаттады

1077

Кей аймақтарда көрсеткіш – 7%-дан 11%-ға дейін өсті. 

Елімізде көмір бағасы 5%-ға қымбаттады

Биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында өндірілген қоңыр көмір мен көмір концентратының көлемі 82,1 млн тоннаны құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5%-ға артық, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі energyprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Өндірістің жартысынан астамы дәстүрлі түрде Павлодар облысына (47,9 млн тонна), тағы үштен бір бөлігі – Қарағанды ​​облысына (27,7 млн тонна) тиесілі. Шығыс Қазақстан облысында да көмірдің айтарлықтай көлемі (6 млн тонна) өндірілді.

Өнірілген көмірдің жалпы көлемінің 76,1 млн тоннасы тікелей тас көмірдің үлесіне тиесілі, бұл өткен жылдың қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда 2%-ға артық.

Жалпы былтыр қоңыр көмір мен көмір концентратын қосқанда тас көмір өндіру көлемі 113,4 млн тоннаны құрады, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 1,4%-ға аз. Оның 104,1 млн тоннасы тас көмір болды, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 0,7%-ға төмен.

Қазақстанда 2021 жылдың қыркүйек айының соңында көмір бағасы жылына орта есеппен 5,1%-ға өсті. Сектордағы өсім екінші жыл қатарынан байқалуда.

Бағаның шарықтауы республиканың 17 өңірінің 14-інде байқалды, ең елеулісі – Шығыс Қазақстан облысында (жылына 10,8%-ға), одан кейін Жамбыл және Түркістан облыстарында (8,6%-ға).  

Көмір бағасы төмендеген жалғыз аймақ – Батыс Қазақстан облысы (1%-ға).

Биылғы жылдың қыркүйек айында Қазақстанның ірі қалалары мен мегаполистерінің арасында көмір ең қымбат аймақ – Орал, тоннасына 19,3 мың теңге болды. Бұл тізімде Тараз (15,6 мың теңге) бен Түркістан (тоннасы 15,3 мың теңге) да бар. Ең арзан көмірді Семей (9,8 мың теңге), Қарағанды ​​(10,8 мың теңге) және Өскеменде (тоннасына 10,9 мың теңге) сатып алуға болады.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу