Қаңтар айында республикада қоңыр көмір мен көмір концентратын қосқанда 10,4 млн тонна тас көмір өндірілген. Бұл былтырғыға қарағанда 2,3%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz порталына сілтеме жасап.
Павлодар және Қарағанды облыстарына өндірілген көмірдің барлық көлемінің 90,7%-ы тиесілі. Павлодар облысында 6,6 млн тонна көмір өндірілді, Қарағанды облысынжа – 2,8 млн тонна көмір.
Биылғы қаңтар айында 9,4 млн тонна тас көмір өндірілді. Бұл былтырғыға қарағанда 2,4%-ға аз. Оның ішінде кокстелетін көмір – 517,9 мың тонна, энергетикалық көмір – 1,1 млн тонна.
Өз кезегінде қоңыр көмір (лигнит) өндірісі 14,7%-ға, 673 мың тоннаға дейін ұлғайған. Ал, көмір концентратының өндірісі 33,8%-ға, 242,2 мың тоннаға дейін азайды.
Былтырғы 12 айдың қорытындысы бойынша еліміз 946,5 млн долларға 29,5 млн тонна тас көмір экспорттаған. Заттай өсім 1% болса, ақшалай өсім –89,3%.
ТМД елдеріне 283,1 млн долларға 20,2 млн тонна көмір жөнелтілді. Отандық көмірдің негізгі импорттаушысы – Ресей: 213,3 млн долларға 18,6 млн тонна. Достастық елдерінің арасында қазақстандық көмір Қырғызстан мен Өзбекстанға да жеткізілген.
Әлемнің басқа елдеріне 9,3 млн тонна көмір жөнелтілді. Жылдық өсім – 55,3%. Бұл бағытта ТМД елдеріне қарағанда көмір экспорты 2 есе аз болғанымен, ақшалай мәнде өсім байқалып отыр: 663,3 млн доллар. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 6,2 есеге артық. Көмірдің негізгі көлемі Швейцария, Польша, Түркия, Кипр және Латвияға жіберілген.
Республика бойынша көмір бағасының ең жоғары жылдық өсімі Ұлытау облысында тіркелді: +66,2%. Антилидерлер үштігінде Ақтөбе (+27,4%), Түркістан (+23,3%) облыстары бар.
Ең аз жылдық баға өсімі Ақмола облысында байқалды:+1,8%. Батыс Қазақстан облысында баға өзгеріссіз қалған.