Елімізде коммуналдық меншіктен 201 нысан сатылды

804

Елімізде коммуналдық меншіктен 201 нысан сатылды

2014-2017 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес 718 нысан сатуға жоспарланған. 2014 жылдың маусым - 2017 жылдың қаңтардағы кезеңінде 602 нысан жекешелендіруге жатады. 2017 жылдың 10 қаңтардағы жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 557 нысан шығарылды, оның ішінде 394 нысан сатылды, республикалық меншік бойынша - 25, коммуналдық меншік бойынша - 201, ӘКК - 97, холдингтер бойынша - 71.

Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 8 415 млн теңге, облыстық бюджеттерге 16 958 млн теңгеден астам,  холдингтер 73 600 млн теңге, ӘКК 6 760 млн теңге.

Республикалық меншік бойынша барлығы 2014-2017 жылдарға арналған сату кестесі бойынша 56 нысан жекешелендіруге жатады. 2014 жылдың маусым - 2017 жылдың қаңтардағы кезеңінде іс жүзінде сатуға 35 нысан жоспарланған. Ағымдағы жылдың 10 қаңтардағы жағдайы бойынша сауда-саттыққа 35 нысан шығарылды, оның ішінде 25 нысан сатылды.

Коммуналдық меншікте  353 нысан сатылады деп  белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2017 жылдың қаңтардағы кезеңінде 288 нысан жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 10 қаңтардағы жағдайы бойынша 269 нысан шығарылды, соның ішінде 201 нысан сатылды.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар бойынша 144 нысан белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2017 жылдың қаңтардағы кезеңінде 129 нысан жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 120 нысан сатуға қойылды, 97 нысан сатылды.

Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша 165 нысан жекешелендіруге жатады, 10 қаңтардағы жағдайы бойынша жоспарланған 150 нысанның 133 нысан сауда - саттыққа шығарылды, оның ішінде 71 нысан сатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу