Елімізде контейнерлік тасымал көлемі 13 пайызға өсті

927

Елімізде контейнерлік тасымал көлемі 13 пайызға өсті

Елімізде контейнерлік тасымал көлемі 13%-ға өсті, деп хабарлайды 24.kz.

Былтырғымен салыстырғанда, жарты миллион тонна жүк артығымен тасымалданған. Бұл туралы ТМД елдерінің теміржол көлігі бойынша өткен мәжілісінде айтылды. Қатысушылар пойыздар қозғалысы кестесін жасау мен келесі жылға контейнерлік тасымалды жоспарлау мәселелерін талқыға салды.

Биыл Қазақстан мен Ресей арасында жүк тасымалы шамамен 63 млн тоннаны құраған. Ресей арқылы жасалған экспорт көлемі – 12%, транзит тасымалы 8% өсті. Қазақстан әсіресе астық тасымалы мөлшерін едәуір арттырған.

"Астық мәселесін айтатын болсақ, жалпы жыл басынан 8-9 млн тоннаға жуық астық тасымалданған болатын. Жылдың аяғына дейін 11 млн тонна астық тасымалдаймыз деген болжам бар. Елбасының Жолдауын іске асыру және де осы жақында Хельсинки қаласында берілген тапсырмасы бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жолдауға сәйкес, көлік-логистика бойынша жоспарларды іске асырып жатырмыз", - дейді "ҚТЖ" ҰК басқарма төрағасының кеңесшісі Руслан Иманқұлов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу