Елімізде көп кешікпей Amazon интернеті пайда болуы мүмкін

Мұндай жаңалықты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев айтты.   

Елімізде көп кешікпей Amazon интернеті пайда болуы мүмкін Фото: elespanol.com

Қазақстан Азия-Тынық мұхиты елдерінің цифрлық инклюзия және трансформация жөніндегі министрлер конференциясында бірқатар келісімге қол қояды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Amazon компаниясының Project Kuiper спутниктік интернет қызметін елімізде 2027 жылы енгізу жоспарланып отырған көрінеді. 

– Қалалар мен облыс орталықтарында 5G енгізу арқылы ұялы байланыс дамып келеді. Халықаралық серіктестермен спутниктік интернет-жобалар іске қосылып, транзиттік талшықты-оптикалық байланыс желілері де жүзеге асырылуда. Қазақстанның өңірдегі цифрлық хаб ретіндегі рөлі нығаю түсуде, – дейді Жаслан Мәдиев.

Еске салайық, Amazon Kuiper спутниктік интернет қызметтерін ұсынатын Amazon-ның еншілес ұйымы саналады. Министр Amazon Kuiper-ді Starlink, OneWeb аналогы деп атады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу