Елімізде қорғаншылық пен патронаттық тәрбиедегі балалар жетімдер үйіне жиі қайтарылған

608

2017-2021 жылдары еліміздегі балалар үйлері мен интернаттарда тұратын балалардың саны үштен бірге азайды. Оған әлеуметтік жетімдіктің алдын алу шаралары ықпал етті, деп жазады inbusiness.kz ranking.kz порталына сілтеме жасап.  

 Елімізде қорғаншылық пен патронаттық тәрбиедегі балалар жетімдер үйіне жиі қайтарылған Фото: egov.kz

Ресурстың жазуынша, аталған кезеңде сәбилерді тастап кету, ата-ана құқығынан айыру және т.б. жағдайлар аз болған. Десек те бала асырап алу және патронаттық тәрбие жүйесінде осы жылдар ішінде айтарлықтай жақсы өзгерістер бола қойған жоқ.

Пандемия кезеңінде бала асырап алуға немесе қамқоршы болуға ниет білдіргендердің саны азайды. Бұдан бөлек отбасыларға үгіт-насихат және консультативтік қолдау көрсетілгеніне қарамастан, республикада орта жетімдік статистикасы өскен. 2017-2021 жылдары бала асырап алушылар мен қамқоршылардың балалар үйіне қайтарған балалар саны 64%-ға артты.

Ата-анасыз қалған кішкентай қазақстандықтардың саны бойынша статистика бес жыл ішінде жыл сайын тұрақты түрде төмендеуді көрсеткен. Мысалы, 2017 жылы Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, кәмелетке толмаған 27,3 мың бала жетім болып саналса, 2021 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 4 мыңнан астамға, яғни 22,7 мың адамға дейін қысқарды. Олардың ішінде 80%-дан астамы (18,6 мың бала) отбасында тұрады.

Ата-ана "атанғандардың" үш санатының арасында 5 жыл ішінде қамқоршылардың үлесі басым болды (392 адам, 2017 жылы – 325 адам). Патронат тәрбиешілердің саны 23%-ға, бала асырап алушылар саны бес есеге азайды. 2017 жылы 168 кәмелетке толмаған бала асырап алынса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 31 баланы құрады.

Жаңа отбасыға барған балалардың құқықтық мәртебесі де әртүрлі. Асырап алынғандардың саны ең аз – 178 адам (1%-дан төмен). Қазақстандықтар негізінен жетім балаларды қорғаншылық пен қамқоршылыққа (89,1%) немесе патронаттық тәрбиелеуге (9,8%) алады. Оны бірнеше себеппен түсіндіруге болады: балаларды туыстары (тәтесі, әжесі, т.б.) алып кетудің этикалық аспектісінің және әр отбасы мүшесінің белгілі бір мәртебесінің болуы. Әлеуметтік жетімдердің көбінің ата-аналары құқықтарынан айырылған жоқ, мұндай жағдайда кәмелетке толмаған балаларды асырап алуға болмайды, олар тек қана патронаттық тәрбиеге берілуі мүмкін. Қаржы мәселесі де айтарлықтай рөл атқарады. Патронаттық тәрбиеге алынған бала үшін мемлекет ата-анасына жәрдемақы мен тамақ және киім-кешегі үшін жәрдемақы төлейді.

Жетім балаларды отбасыларға орналастыру динамикасы аталмыш әлеуметтік фактордың республикадағы экономикалық дағдарысқа қаншалықты тәуелді екенін аңғартады. Пандемия басталған кезең бірақатар әлеуетті асырап алушылар мен қамқоршыларға кедергі болды. 2020 жылы орналастырылған жетім балалардың саны екі есеге азайды (880-ден 461 адамға дейін). Бұл тұста карантиндік шектеулердің әсерін де жоққа шығара алмаймыз. 2021 жылдың аяғында бұрынғы жағдай әлі де қалпына келген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу